Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Діни әдебиетті заңсыз сатқан Ақмола облысының тұрғыны жазаланды

Діни әдебиетті заңсыз сатқан Ақмола облысының тұрғыны жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бурабай ауданы Щучинск қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті сауда үйлерінің бірінде жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз “Қасиетті Құран” кітабын өткізу фактісін анықтады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы материалдар мен діни мақсаттағы заттарды тек белгіленген орындарда таратуға жол беріледі. Бұл діни ғимараттардың аумақтары, діни-рухани оқу орындарында – медреселерде, семинарларда және басқаларында, сондай-ақ әкімдік бекіткен арнайы стационарлық үй-жайларда. Щучинск қаласының аумағында осындай 2 үй-жай анықталды, бұл ретте жоғарыда көрсетілген сауда орны оларға жатпайды.

Полиция діни әдебиеттерді белгіленген нысандардан тыс жерде сату заңсыз болып табылатынын ескертеді. Мұндай баспа басылымдарын сату үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан рұқсат алу керек. Оны базарда немесе интернет желісінде рұқсатсыз сатуға болмайды.

Дүңгіршек иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) бойынша материал жиналып, сотқа жолданды.

Сот шешімімен 54 жастағы ақмолалық әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған Бурабай сотымен 120 мың теңгеден астам айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру