Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер ұрланған телефонды қала тұрғынына қайтарып берді

Елордалық полицейлер ұрланған телефонды қала тұрғынына қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 жастағы қыз елордалық полиция департаментінің іздеу бөлімінің қызметкерлеріне алғыс айтып, Ішкі істер министріне хат жолдаған.

Қыз ұрлық жасалғаны туралы арызбен күндізгі сағат 17:00 шамасында жүгінген, ал бірнеше сағаттан кейін құны 800 мың теңге тұратын IРhone 14 ProMax телефонын жедел уәкілдер иесіне қайтарып берген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте ұрлық жасап, қала тұрғындарының қалталарына түскен 35 және 41 жастағы екі ер адамды «ізін суытпай» ұстады.

Автобуста орнатылған бейнекамералар ұрлық сәтін тіркеген. Екі ер адам қоғамдық көлкітегі абыр-сабыр болып жатқан сәтті пайдаланып, қыздың қасына тұрып, екеуінің біреуі телефонды күртешесінің қалтасынан білдіртпей алып шыққан.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамдар мойындау көрсетпелерін берді және ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы белгіленіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру