Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейдің теміржол вокзалында ер адамнан кастет тәркіленді

Семейдің теміржол вокзалында ер адамнан кастет тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семейде теміржол вокзалының тексеру инспекторларымен өзімен бірге кастетты алып өтпекші болған 19 жастағы жас жігіт ұсталды.

Көптеген жас жігіттер кастетті тірі нысананы жеңуге арналған суық қару деп танылатынын біле қоймайды. Оны бір жерден тауып алып, сөмкесіне салып, суық қару екенін білмей, теміржол вокзалы тексеру пунктінен алып өтпекші болған.

Абай облысының полицейлері заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын ескертеді.

– Жас жігіт жасаған ісіне өкініп, қазіргі уақытта қылмыстық әрекеті үшін сотталып, пробация қызметінің есебіне алынып, 25 сағат қоғамдық жұмыстарды тарту түріндегі жазасын өтеп жатыр, – деп атап өтті Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Семей қаласы Әуезов ауданының пробация қызметі бөлімінің бастығы Бауыржан Малгаждаров.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру