Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер велосипед ұрлаған кемел жастағы күдіктіні анықтады

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын бернеше рет істі болған екі велосипед ұрлығына қатысы бар Астананың 48 жастағы тұрғынын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында ер адамның күндізгі уақытта C-303 көшесіндегі тұрғын үйдің кіреберісінде еркін қол жеткізу арқылы құны 120 мың теңге болатын велосипед алып шыққаны анықталды. Ол ұрланған велосипедтерді базарда кездейсоқ адамдарға арзан бағамен сатқан.

Полиция қызметкерлері кіреберістен бейнежазба алып, күдіктіні ұстады.

Ер адам кінәсін мойындады.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшылары қала тұрғындарына Астанада велосипед ұрлығының жиілеп кеткені туралы ескертеді және қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады. Велосипед жақтауларындағы белгілерін міндетті түрде енгізіп, оны кіреберістерде, дүкендердің жанында және қала саябақтарында қараусыз қалдырмаңыз, сенімді велосипед құлыптарын пайдаланыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру