Елордалық ҚАЖД-де "Пробация қызметінің үздік қызметкері" атты байқау өтті
Елордалық ҚАЖ департаментінде "Пробация қызметінің үздік қызметкері" атты байқау өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚАЖ комитеті төрағасының 2021 жылдың 22 желтоқсандағы №191 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару жүйесі пробация қызметінің қызметкерлері арасындағы "Пробация қызметінің үздік қызметкері" атты байқау ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаменті пробация қызметкерлерінің кәсіптік даярлық деңгейі тексеріліп, бағаланды.
Елордалық ҚАЖ департаментінің аумақтық пробация қызметінен жеті қызметкер қатысты. Олардың арасынан жеңімпаз іріктеліп, Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық пробация қызметінің инспекторы Динара Баймуратова "Пробация қызметінің үздік қызметкері" атағына ие болды.