Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне көмек көрсетті

ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/1 мекемесі қайырымдылықпен тұрақты түрде айналысып тұрады. Бұл жолы “Негізгі орта мектеп-интернаты” ММ тәрбиеленушілеріне азық-түлікпен көмек көрсетті. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерің қамқорлығына риза болған мектеп директоры Анар Жетібаева алғысын айтты.

– Мектебімізге түскен психикалық ауытқушылығы бар балалардың 90 пайызы білікті мамандардың арқасында түзеліп шығады. Сондай-ақ, сіздердің де зор көмектеріңіз тиіп жатыр. Қолдап, көмек көрсетіп жүргендеріңізге мың алғыс, – деді мектеп-интернатының директоры Анар Жетібаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру