Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық ҚАЖД-де “Пробация қызметінің үздік қызметкері” атты байқау өтті

Елордалық ҚАЖ департаментінде “Пробация қызметінің үздік қызметкері” атты байқау өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚАЖ комитеті төрағасының 2021 жылдың 22 желтоқсандағы №191 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару жүйесі пробация қызметінің қызметкерлері арасындағы “Пробация қызметінің үздік қызметкері” атты байқау ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаменті пробация қызметкерлерінің кәсіптік даярлық деңгейі тексеріліп, бағаланды.

Елордалық ҚАЖ департаментінің аумақтық пробация қызметінен жеті қызметкер қатысты.  Олардың арасынан жеңімпаз іріктеліп, Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық пробация қызметінің инспекторы Динара Баймуратова “Пробация қызметінің үздік қызметкері” атағына ие болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру