Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық тұрғын азаматтың мас күйін пайдаланып, тонап кеткен

Елордалық тұрғын азаматтың мас күйін пайдаланып, тонап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы аудандық полиция басқармасына Ақмола облысының 33 жастағы тұрғыны арызданып, өтіп бара жатқан адам өзін тонап кеткенін айтып, жүгінген.

Тергеу барысында анықталғандай, ер адам күндіз көшеде келе жатқанда қасына белгісіз біреу таянып, темекі сұраған. Жәбірленушінің мас күйде екенін байқаған күдікті оған 70 мың теңге көлемінде шығын келтірумен әмиянын ашық түрде қолынан жұлып алып, оқиға орнынан ізін суытқан.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері бірден ер адамның тұрған жерін анықтаған. Ол 38 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Бұл ретте оның бұрын сотты болғаны да белгілі болған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол кінәсін мойындап, қазіргі уақытта оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру