Елордалық тұрғын көршісінің зергерлік бұйымдарын қолды еткен
Елордалық тұрғын көршісінің зергерлік бұйымдарын қолды еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұған дейін қала тұрғыны демалыста жүргенде бөлмесінен әшекей бұйымдарының жоғалғанын байқап, полиция қызметкерлеріне арыз қалдырған.
Алматы аудандық ПБ-ның полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, ол кінәсін мойындады. Анықтау барысында ол ұрланған алтын бұйымдары ломбардқа тапсырып жібергенін жасырмаған.
Анықталғандай, өткен жылы 24 жастағы жігіт жәбірленушінің отбасымен бірігіп, Құдайбердіұлы көшесіндегі көп қабатты үйден пәтер жалдағаны белгілі болды. Ол ерлі-зайыптылардың басқа қалаға кеткендігін пайдаланып пәтердегі жәбірленушіге тиесілі шкафта тұрған алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. Сөйтіп жас жігіт 390 мың теңгеге жуық әшекей бұйымдарды ұрлаған.
Ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.
Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға, бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді.