Елордалық тұрғын қараусыз қалдырған велосипедті алып кеткен
Елордалық тұрғын қараусыз қалдырған велосипедті алып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Құны 46 мың теңге тұратын Тринкс маркалы велосипед ұрланғаны туралы полицияға иесі хабарлаған. Қала тұрғынының айтуынша, ол Қарасай батыр көшесіндегі тұрғын үйдің кіреберісінде екі дөңгелекті көлігін құлыппен бекітпей түнге қалдырған. Келесі күні таңертең жұмысқа бара жатып, ол велосипедтің жоғалғанын байқаған. Оның мүлкі ұрланғанын түсінген жәбірленуші полицияға жүгінген.
Сарыарқа ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 44 жастағы астаналықты анықтады. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, ұрланған велосипед тәркіленді.
Ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта күдіктінің елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Ер адамға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат бұлтартпау шарасы таңдалды.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.
Астана қаласының полиция департаменті велосипед ұрлығының жиілеп кеткендігі туралы ескертеді. Келесі ережелер олардың жоғалуын болдырмауға көмектеседі:
– велосипед жақтауларын белгілеңіз (ерекше белгілерді қойыңыз);
– велосипедтерді кіреберістерде (тіпті домофон орнатылған болса да), дүкендердің жанында және қала саябақтарында қараусыз қалдырмаңыз;
– сенімді велосипед құлыптарын қолданыңыз (U-құлыптары жақсы).