Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық тұрғынды алдап, ақшасын иемденген күдікті ұсталды

Техникалық қызмет көрсету станциясының қызметкері клиентті алдап соққан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға елорда тұрғыны арызданып, белгісіз ер адамның автокөлікті қысқа мерзімде жөндеп беремін деп, ақшасын иемденіп алғанын айтқан.

Тергеу барысында техникалық қызмет көрсету станциясының 35 жастағы қызметкері клиенттің сеніміне кіріп, ақшасын алып, өз жұмысын орындамағаны анықталды. Алаяқтық жолмен тапқан қаражатты пайдаланып, қаскөй жұмыстан шығып кеткен.

Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру