Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында сотталған өзінің екі апталық демалысында анасына барды

Абай облысындағы сотталған өзінің екі апталық демалысында анасына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы бойынша КАЖД-ға қарасты №21 мекемесiнде 40 жастағы әйел азаматы басқаның мүлкін талан-таражға салғаны үшін екі жылға сотталған. Жазасын өтеуші азаматтың жұмысқа адал еңбегі үшін, еңбек демалысын мекемеден тыс жерде өткізген.

– Маған артқан сенімі үшін колония әкімшілігіне алғыс айтамын. Мені 14 күндік еңбек демалысына жіберді. Демалысымды Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха қаласында тұратын анама барып өткіздім. Үйімді және үй тағамын қатты сағыныппын. Үйде қуанышты сезімге бөлендім, алайда кері қайту өте қиынға соқты. Бұл сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, – деп бөлісті сотталған.

Мекемеден шықпас бұрын сотталған азамат колонияға қайтатыны туралы қолхат қалдырған.

– ҚР ҚК-нің 113-бабы (Мекеменің шегінен тыс жерге шығу) бойыншаяғни сотталған азаматтардың мекемеден тыс жерде еңбек демалысын өткізу, олардың қоғамға пайдалы байланыстарын қалпына келтіруге, заңға бағынуға деген ынталарын арттыруға бағытталған. Осы жылы мекемеден тыс жерлерге 100-ге жуық сотталғанға жолдама берілді. Бұл былтыргы жылмен салыстырганда өскен, – деді мекеме басшысының орынбасары Саят Алтаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру