Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық жас анықтаушы Аида Ерікқызы: «Өз қызметтімді мақтан тұтамын»

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Polisia.kz редакциясы ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында адал қызмет етіп жүрген нәзік жанды полицейлер жайлы ақпарат ұсынады

Қоғамдық тыныштық пен тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде тәртіп сақшыларының еңбегі қай кезде де ерекше.

Адам тағдырына деген жауапкершілік үшін ақиқаттың ақ жолынан ауытқымау тергеушілер мен анықтаушылардың міндеті. Сол себепті де анықтаушы мамандығы қашан да жауапкершілікті, сауаттылық пен төзімділікті талап етеді.

Ішкі істер органындағы қызмет – қиындығы мен қызығы қатар жүретін, жүгі ауыр еңбек. Жыл санап ішкі істер органының қатарына жас мамандар сапқа қосылып жатыр. Солардың бірі Астана қаласы ПД Байқоңыр ауданы ПБ анықтау бөлімінің жас анықтаушысы – Аида Түймешбек.

Аида 2001 жылдың 1 шілдесінде Түркістан облысы Отырар ауданы Ұзакөл ауылында дүниеге келген. Он бір жылдық мектеп бітірген соң, 2018 жылы Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясына оқуға түскен. Білікті полиция қызметкерлерін даярлаумен ерекшеленетін Академияны 2022 жылы бітіріп, жас офицер Астана қаласы Байқоңыр ауданы полиция басқармасына анықтаушы лауазымына қызметке тұрған.

Полиция қатарына жаңадан қосылса да, анықтаушы қыз бүгінде өз қызметін абыроймен атқарып келеді:

– Өзімнің қызметім туралы айта кетсем, анықтаушы қызметінің ең ауыр жүгі – ар алдындағы адалдық. Сонымен қатар, қашан да үлкен жауапкершілікті, сабырлық пен төзімділікті, сауаттылықты қажет ететін күрделі қызмет саласы.

Анықтаушы қызметінің маңыздылығының бірі адам тағдырына байланысты болғандықтан, әрбір болған қылмысты жан-жақты тергеп-тексеріп, ақ-қарасын анықтап, қылмыскердің кінәсін немесе кінәсіздігін дәлелдеп, әділ шешім қабылдау. Біздің әр күніміз ғана емес, әр сағатымыздың өзі қым-қуыт оқиғамен өріліп жатады. Сол себепті қызметтің ыстығына күйіп, суығына тоңған майталман әріптестерімнен тәжірибе алып әрмен қарай шыңдалып келемін. Әр уақытта өзімнің қызметімді мақтан тұтамын, – деп бөлісті Аида Ерікқызы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру