Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ембі өзенінің жағасында заңсыз қарасора плантациясы табылды

Ембі өзенінің жағасында заңсыз қарасора плантациясы табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қыркүйек күні сағат 12.40-та “Қарасора” және “Іздестіру” жедел профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында “Ақтөбе-Астрахань” тас жолының 101 шақырымында полиция қызметкерлері 27 жастағы жүргізушінің басқаруындағы “Volkswagen Sharan” автокөлігін тоқтатты. Жеке тасымалдаумен айналысатын жүргізушінің автокөлігін “Бруно” қызметтік-іздестіру итімен тексеру барысында көлік салонынан салмағы бір келіден асатын өсімдік тектес, жасыл түсті, өзіне тән иісі бар полиэтилен пакеті табылды.

Көліктің 35 жастағы жолаушысы тәркіленген есірткі затын Мұғалжар ауданының тұрғынынан сатып алған адамға тиесілі екенін мойындады. Жедел іс-шараларды жүргізу барысында Ембі өзенінің жағасында полицейлер заңсыз қарасора плантациясын тапты. Полиция қызметкерлері 99 түп қарасора тәркіледі. Сараптама көрсеткендей, алынған заттар мен бұталар есірткі екені анықталды.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі заттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осы баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Мұғалжар ауданының төрт тұрғыны қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру