Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқ арзан пәтер сату сылтауымен ақтөбеліктің 5 миллион теңгесін иемденген

Алаяқ арзан пәтер сату сылтауымен ақтөбеліктің сеніміне кіріп, бес миллион теңгесін иемденген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мысалы, Қобда ауданының тұрғыны полицияға алаяқтық туралы арыз берген. Оның айтуынша, Қобда ауданы Қоғалы ауылының 46 жастағы тұрғыны 2019 жылдың қазан айында алаяқтың құрбаны болғанын айтты. Әйел күдіктіге жеңілдетілген бағамен пәтер алу үшін бес миллион теңге сомасында ақша берген.

Полицейлер күдіктіні анықтады. Ол бұрын алаяқтық үшін сотталған 41 жастағы ақтөбелік болып шықты. Сотқа дейінгі тергеу басталды, күдіктіні ұстау шаралары қабылданды.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті ақтөбеліктерді сақ болуға және алаяқтардың құрбаны болмас үшін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Құнды заттарды немесе ақшаны бейтаныс адамдарға бере отырып, тексеру және қырағылық таныту қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру

Электрондық почтаңыз жария етілмейді.