Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ер адам бүркеншік атпен есірткі сатумен айналысқан

Түркістан облысының тәртіп сақшылары есірткі сатқан күдіктінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ-не жергілікті тұрғыннан хабар келіп түскен. Онда сырттай танысы болып табылатын адамның есірткі сатумен айналысатынын көрсеткен. Осы оқиғаға байланысты тәжірибелі тәртіп сақшылары жұмылдырылып, жедел тергеуге кіріскен.

Полиция қызметкерлері тергеп-тексеру барысында күдікті азаматтың канал бойында өсіп тұрған есірткіге ұқсас өсімдікті теріп алғанын анықтады. Кейіннен бүркеншік атпен жасырын түрде кептіріп, сату мақсатында иемденген. Осыған қоса ол аталған есірткі құралын өзінің уақытша жұмыс орны “автокөлік жуу” бекетіне алып барып, кептіріп, өткізбек болған.

Тәртіп сақшылары аталған жайттың барлығын ашып, сараптама қорытындысына сәйкес жалпы салмағы 6,5 грамм шамасында “кептірілген марихуана” есірткісі екенін анықтады. Күдікті азаматты уақытша жұмыс орнынан ұстап, полиция бөлімшесіне жөнелтті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тіркелді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды есірткіге байланысты қылмыс жасаудан сақ болуға, сондай-ақ денсаулыққа зиян келтіретін зиянды әдеттерден бас тартуға кеңес береді. Тәртіп сақшылары тұрғындарды спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру