Ер адам шымкенттік әйелдің мойнынан күштеп, алқасын шашып алған
Ер адам шымкенттік әйелдің мойнынан күштеп, алқасын шашып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 қыркүйекте Еңбекші ауданының Полиция басқармасына азаматша арызданып, онда белгісіз біреу үй кіреберісінің алдында мойнындағы 130 мың теңге тұратын алтын алқасын күш қолданып, тартып алғандығын көрсеткен.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабынығ 2-бөлігімен (Тонау) тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
Жедел іс-шара жүргізу барысында 1994 жылы туған ер адам анықталып, жеткізіліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.