Ер адам тыйым салынған заттарды колонияға өткізуге тырысты
Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/12 мекемесінде картоп ішіне тығып, тыйым салынған заттарды өткізуге тырысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА-155/12 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушыға тыйым салынған заттарды тығып өткізуге тырысты.
Қысқа мерзімді кездесуге келген ер адам картоп салынған пластикалық ыдыста белгісіз ақ түсті дәрілерді және арнайы иісі бар жасыл затты жасырып, өткізбек болды.
Бұл фактіні мекеменің тексеру тобының қызметкері алдын алды.
«Аталған факті бойынша Қапшағай қаласының жедел-тергеу тобы шақырылып, сот-химиялық сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады», – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.