Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ер адамды көшеде соққыға жығып, ұялы телефонын тартып алған елордалықтар ұсталды

Елордалық полиция қызметкерлері тұрғынды тонаған екі адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыарқа ауданы ПБ-на тонау жасалғаны туралы елорда тұрғыны арызданған.

Жәбірленушінің айтуынша, түнде үйге қайтып келе жатқанда Құтпанов көшесінде екі жігіт күтпеген жерден соққыға жыққан. Содан соң ұялы телефонын тартып алып, өздері белгісіз бағытқа қашып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстады. Олар 29 және 26 жастағы елорда тұрғындары болып шықты, біреуі бұрын соңды сотталған.
Аталған факті бойнша ҚР ҚК 191-бабы бойынша (Тонау) қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталғандар Нұр-Сұлтан қаласы ПД УҰИ қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру