Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ерекше әріптестер махаббаты

Жалпы адам баласында болашаққа қадам басарда екі нәрсеге ерекше мән беру керектігі бәрімізге белгілі. Оның бірі – мамандық таңдау болса, екіншісі – өмірлік жар таңдау делінген. Күніңнің көп уақытын өткізетін қызметіңе қызығып, мақсат-мұрат жолында маңдай теріңді төгетін мекемеңе мейлінше ерте барып, еркін жүріп, құлшына еңбек етсең, бұл да жолыңның болғаны. Ал, екеуінде бірге алып жүрген, бір мекеме астында, мамандығында сүйе білген, бірін-бірі таңдаудан қателеспеген жұптарымызда арамызда баршылық.

Мәселен, қазіргі таңда ҚР ШҚО бойынша ҚАЖ ОВ 156/18 түзеу мекемесінде орын алған қос ғашықтың махаббаты мені қатты қызықтырды. Бір жұмыс шаңырағының астында бірі əділет аға лейтенант болса, бірі адам жанын емдейтін медбике қызметіндегі жандар. Ең қызығы, елімізде жаппай тарап жатқан алапат індеттің салдары орын алып жатса да махаббат сезімдерін жасыра алмады. Карантиннің уақыты болғандықтан, әрине, дүркіреп той жасап, құда-жекжатты шақыру әзірше болмай тұрғаны бәрімізге түсінікті. Алайда, мекемеміздің аға лейтенанты Абжатов Жандос күні кеше ғана арнайы полицейлер күнінде бір ұйымда бірге қызмет атқаратын медбике Мауенова Нұршат Ерланқызына өз сезімін білдірген еді. Көздерінде үміт оты жанып тұрған екі жұбымыз бүгінде жаңа өмірге қадам басқандай. Бірін-бірі осы шаңырақ астында тапқан бұл кісілер тіпті көпке үлгі болғандай. Əділет аға лейтенанты Абжатов Жандос та өзінің қолында шоқ гүлдерімен, әдемі көрініспен ерекше етіп ұсыныс жасаған еді.

– Жұмыстарында өз беделдері бар, тиянақты тапсыра орындай алатын, жауапкершілі мен адамгершілігі мол керемет жандар. Бақыт құшағында мәңгі болсын!» деп әріптес достары да ерекше құттықтаумен бөліскен еді.

Махаббат тек көшеде емес, дәл жаныңнан табылатыны рас екен. Ал, екі жасқа баянды бақыт, шексіз сезім, ұзақ ғұмыр тілейміз. Сіздерде, жұмыстан бас көтермей отырмай, айналаңызға да бір көз жүгіртіп өтіңіздер. Мүмкін, сіздің де бақытыңыз дәл қасыңызда шығар. Махаббатсыз дүние бос екенін ұмытпаңыз…

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру