Ертіс өңірінің полицейлері автокөлік құралдарын айдап әкету және автокөліктен ұрлау сияқты қылмыстардың алдын алу бойынша шаралар қабылдауда
Павлодар облысында автокөлік ұрлығы 50% – ға және бөтен біреудің көлігін айдап әкету 21% – ға азайған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының жедел қызметкерлері түнде Қамзин көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында күзетілмейтін тұрақта қалдырылған «Хонда» маркалы автокөлік иесінің бейқамдығын пайдаланып, есікті ашу арқылы автокөліктің салонына кіріп, GPS – навигаторды ұрлап кеткен 23 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.
Бұрын бірнеше рет мүліктік қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған қала тұрғыны 2018 жылы автокөлік ұрлағаны үшін сотталған.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері Ақсу қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады, ол 26 қазанда «Артур» сауда үйінің көлік тұрағынан «БМВ-318» маркалы автокөлікті ұрлаған.
Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.