Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды жылы жерлерге орналастыруда

Қызылордада полиция қызметкерлері тұрғылықты жері жоқ тұлғалардың үсіп қалуының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауа райының күрт суытуына байланысты Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды жылы жерлерге орналастыру бойынша шаралар қабылдауда.

Учаскелік инспекторлар, криминалдық полиция және патрульдік полиция бөлімінің қызметкерлері белгілі бір тұрғылықты жері жоқ, қаңғыбастықпен айналысатын адамдарды анықтау мақсатында құрылысы аяқталмаған ғимараттарға, шатырлар мен жертөлелерге, кәріз құдықтарына тексерулер жүргізуде.

Қызмет көрсету аумағын профилактикалық мақсатта аралайтын полицейлер мұндай қаңғыбастардың жиналатынын жерлері жайлы хабардар. Көбіне тексеру барысында бұл азаматтардың тұрғылықты мекенжайы мен жақын туыстарының бар екендігі анықталып жатады.

Полицейлердің айтуынша, қаңғыбастыққа салынған кейбір азаматтар өз еріктерімен отбасыларын тастап, көшеде өмір сүруде.

Рейдтік шаралар барысында Қызылорда қаласы аумағында қаңғыбастыққа салынған, белгілі бір тұрақты мекенжайы жоқ 455 азамат Қызылорда ҚПБ қабылдау-тарату орнына жеткізіліп, есепке алынды. 

Қызылорда қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығына 20 азамат жеткізілді. Онда орналастырылған азаматтар тегін тамақпен, қажетті медициналық дәрі-дәрмекпен, киім-кешекпен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру