Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ертіс өңірінің полицейлері автокөлік құралдарын айдап әкету және автокөліктен ұрлау сияқты қылмыстардың алдын алу бойынша шаралар қабылдауда

Павлодар облысында автокөлік ұрлығы 50% – ға және бөтен біреудің көлігін айдап әкету 21% – ға азайған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының жедел қызметкерлері түнде Қамзин көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында күзетілмейтін тұрақта қалдырылған “Хонда” маркалы автокөлік иесінің бейқамдығын пайдаланып, есікті ашу арқылы автокөліктің салонына кіріп, GPS – навигаторды ұрлап кеткен 23 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

Бұрын бірнеше рет мүліктік қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған қала тұрғыны 2018 жылы автокөлік ұрлағаны үшін сотталған.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері Ақсу қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады, ол 26 қазанда “Артур” сауда үйінің көлік тұрағынан “БМВ-318” маркалы автокөлікті ұрлаған.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру