Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан бері Қызылорда облысының пробация қызметінің есебіндегі 159 адам қоғамдық жұмыстарға тартылған

Қызылорда облысының пробация есебіндегі 159 сотталған азамат қоғамдық жұмыстар атқару арқылы жазаларын өтеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталғандарды қоғамнан оқшауламай жазасын өтеуін ұйымдастырудың маңызы зор.

Сотталғандарды бас бостандығынан айырмай жазалаудың қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары түріндегі жаза, бас бостандығынан шектеу жазасы, шартты түрде соттау, сотталған жүкті әйелдер мен жас балалары бар әйелдердің жазасын өтеу мерзімін кейінге қалдыру және белгілі бір қызмет немесе арнайы лауазымнан айыру сияқты түрлеріне бақылауды пробация қызметі жүзеге асырады.

Осы жазалардың ішінде қоғамдық жұмысқа тарту бойынша жаза түрі сот үкімі күшіне еніп, сотталған адам пробация қызметінің есебіне қойылған соң, жергілікті атқарушы органдар бекіткен жұмыс обьектілерінде 10 күн ішінде орындалады.

– 2020 жылдың 10 айында қоғамдық жұмысқа тарту жазасына Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметінің есебіндегі 159 сотталған азамат сотталған. Бұл азаматтар  теріс қылық жасағаны үшін, ауырлығы орташа және онша ауыр емес қылмыстар жасағаны үшін сот үкімімен қоғамдық жұмысқа тартылған. Осы сотталғандардың ішінен 113 азамат қоғамдық жұмысын толық аяқтап, есептен шығарылса, тоғыз сотталған азаматтың жазасы қоғамдық жұмысқа  себепсіз бармағаны және жаза өтеуден жалтарғаны үшін қамауға ауыстырылды. Қазіргі таңда 28 азамат  қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі тағайындалған жазаларын тұрғылықты жерлері бойынша әкімдіктердің қарамағында өтеп жүр. Әр азамат сот үкімімен  белгіленген мерзімдік сағаттарды орындаса, пробация есебінен шығарылады, – деді ҚАЖД бастығы Ш.Есенкелдиев.

– Есірткі сақтағаным үшін соттың үкімімен ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, маған осы бап бойынша 80 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды. Тұрақты жұмысым болғандықтан, күніне 4 сағат көшені қардан тазалаймын, – деді қоғамдық жұмысқа тартылған есептегі азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру