Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ертіс полицейлері зейнеткерлерге алаяқтықтан сақтану жолдарын айтты

Ертіс полицейлері зейнеткерлерге алаяқтықтан сақтану жолдарын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта егде жастағы азаматтар әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланып келеді және талдау көрсеткендей, соңғы уақытта алаяқтардың құрбаны болу ықтималдығы артып барады. Павлодар қаласының облыстық ардагерлер кеңесінде полицейлер зейнеткерлерге алаяқтардың айла-тәсіліне алданбау жолдарын айтты.

– Біз, зейнеткерлер қауіпсіз өмір сүргіміз келеді. Соңғы уақытта алаяқтардың зейнеткерлерді миллиондаған қаржыға алдап кеткенін жиі естимін. Өйткені, біз, қарт адамдар қаржыны “қорға” жинаймыз, ал зиянкестер осыны пайдаланады, – деді Павлодар облысы Ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Валентина Шершнева.

Павлодар қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев пен интернет-алаяқтықтарды тергеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін жедел-тергеу тобының жетекшісі Ренат Ахметзянов ардагерлерге алаяқтықтың түрлері туралы, азаматтардың ақша үшін қаскүнемдер қолданатын тәсілдер мен амалдар туралы айтып берді.

Зейнеткерлерге тәртіп сақшылары күмәнді жағдайда қалай әрекет ету керектігін түсіндірді Мәселені ақшамен шешуге болатын схема алаяқтардың көп қолданатын тәсілі екенін еске салды.

Тәртіп сақшылары ешкімге банктік картаның ПИН-кодын, картаның артқы жағында орналасқан деректерді (CVV қауіпсіздік коды) хабарлауға немесе SMS-ке келетін кодтарды жіберуге болмайтынын ескертті. Кездесу барысында бейтаныс адамдармен қарым-қатынас та қозғалды. Полицейлер жиналғандарға есіктерді ашып, пәтерлеріне белгісіз адамдарды кіргізбеу керектігін, әртүрлі төлемдерді уәде ететін әлеуметтік қызметкерлеріне және арзан тауарлар мен ғажайып құрылғыларды жеткізіп беремін деушілерге сенбеуге шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру