Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ертіс полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 49 фактісін анықтады

Ертіс полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 49 фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қауіпсіз жол» айлығын өткізу басталғаннан бері Ертіс ауданының полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 49 фактісін анықтады, олар үшін 49 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, Ертіс ауданының 5 тұрғынына қатысты мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ертіс аудандық сотымен тәртіп бұзушылар 15 және 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, сонымен қатар көлік құралдарын жүргізу құқығынан 7 жылға айырылды. Сондай-ақ, жолдар мен жол құрылыстарына тексеру жүргізілді, олар бойынша кемшіліктерді жоюға 4 ұйғарым берілді.

Тексеру қорытындысы бойынша бір лауазымды тұлға жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы үшін бап бойынша жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру