Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есепте тұрғандар қала тұрғындарын пандемиядан сақ болуға шақырды

Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметі волонтерлық ұйымдар мүшелерімен бірлесіп, есепте тұрған тұрғындарды “Жақыныңа жанашыр бол!” акциясына қатыстырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Акция барысында есепте тұрған сотталғандар “Астана” саябағында серуендеп жүрген қала тұрғындарына коронавирус пандемиясына қарсы сақтық шаралары жазылғанжадынамаларды таратты.

– “Жақыныңа жанашыр бол!” акциясына қатысу кезінде есепте тұрған сотталғандар қала тұрғындарына жадынамалар таратып, пандемиядан сақтану шараларының олардың жақын адамдарының денсаулығы үшін маңызды екенін де естеріне салды.
Жалпы, Астана аудандық пробациясының қызметі 2020 жылдың – еріктілер жылы жариялануымен байланысты іс-шаралар жоспарына сәйкес, Астана аудандық әкімдігімен бірлесіп, есепте тұрған сотталғандардарды еріктілермен бірге түрлі қайырымдылық шараларына белсене катыстырып келеді және осындай қайырымдылық шаралары алдағы күндері де жалғасын табады, – дейді Астана аудандық пробация қызметінің инспектор-психологы Камшат Ельтаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру