Есептегi cотталғандарға түсіндiрме жұмыстары жүргізілдi
Шығыс Қазақстан облысы есептегi cотталғандарға Атамекен бағдарламасы бойынша түсіндiрме жұмыстары жүргізілдi, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының Шемонаиха ауданындағы филиалымен бірлесіп Шемонаиха аудандық пробация қызметінің қызметкерлерімен бірқатар жұмыстар атқарылды, атап айтқанда ОВ 156/6 мекемесінен ҚР ҚК 73-бабына сай босатылған сотталған азамат Б-мен. жұмыспен қамту бойынша түсініктеме жұмыстары жүргізіліп, сотталғанға жеке кәсіпкерлерге арналған арнайы салық режимін қолдану патенті 17 маусымда тіркелініп, болашақта Атамекен ҚР ҰКП бағдарламаларының ішінен тиімді пайыздарымен несие және жеке кәсіпкерлерге арналған гранттар берілетіні түсіндірілді.
– Сонымен қатар жеке кәсіпкерлерге арналған арнайы салық режимін қолдану патенті тіркелген азаматша С. мен азамат А. 2020 жылдың оқу тобына қатыстырып, сертификат бойынша ары қарай бағдарламамен жұмыс атқару жоспарланып отыр, – дедi Алижан Ануарбеков.