Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткі граффитиі үшін үш жылға бас бостандығынан айырылады

Ақмола полицейлері есірткіні жарнамалаған Павлодар қаласының тұрғынын ұстады,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыс осы жылдың 27 ақпанында Ерейментау қаласында жасалды. Учаскелік полиция инспекторы өзінің әкімшілік учаскесін аралау кезінде көп қабатты үйлердің біріндегі кіреберісінің қабырғасынан есірткі құралдары мен психотроптық заттарды тарату бойынша тыйым салынған сайттың атауын қамтитын жазулар тапты.

Бұл ақпарат дереу тіркелді. Криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері заңсыз жазудың авторын анықтауға бағытталған жедел–іздестіру іс-шараларының кешенін ұйымдастырды.

Қолданылған шаралар нәтижесінде бояулы баллончиктерді сататын дүкендердің бірінде Павлодар қаласының 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Кейін полиция қызметкерлері жалдамалы пәтерден 1990 ж. т. Павлодар қаласының тұрғынын құрықтады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 299 бабының 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға көндiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап Қылмыстық кодекске есірткіні насихаттайтын және өткізетін интернет – сайттарға сілтемелерді таратқандығы үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін “есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтарын, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау” 299-1-бабы енгізілген. Тыйым салынған граффити суреттерін қабырғаларға салғаны үшін ұсталған азаматтар үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Егер осындай әрекеттерді адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше рет, білім беру ұйымдарында, сондай-ақ адамдар көп жиналатын объектілерде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе электрондық ақпараттық ресурстарды немесе қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, кінәлі адам алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру