Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері далалықта қалған жолаушыларға көмектесті

Солтүстік Қазақстан облысы полицейлері Түркістан облысының даласында жоғалған екі тұрғынды құтқарды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Жексенбі күні екі жас түркістандық Еркебұлан Дүйсенбай мен Мақсат Рүстенов Омбы қаласынан “Lada Priora” автокөлігімен үйіне келе жатып, электронды карталарға сенім артып, Ғ. Мүсірепов ауданы “Жезқазған-Петропавл” тас жолының 593 шақырымында тұрып қалды.

Тізеге дейін келетін қалың қардан өз бетімен шығуға әрекет етіп, шыға алмаған жігіттер ” 112 “–ге қоңырау шалды. Хабарлама бірден СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Джамбулат Нагуманов пен Дидар Дюселековқа берілді. Олар кешкі сағат 8- де басталатын патрульдік ауысымға түсуге дайындалып жатты. Бірақ мәселе туралы біліп, тез арада трассаға көмекке шықты. Құтқару операциясына Ломоносов ауылдық округінің учаскелік инспекторы Азамат Сыздықов та қосылды.

Бір жарым сағаттан кейін жол бойында полицейлер екі облыстың шекарасында жанып тұрған отты байқады. Адасып кеткен жүргізушілер өз орналасқан жерін көрсету мақсатында арнайы от тұтатқан.

“Патруль автомобилі” Лада ” маркалы жолаушылар көлігін шығаруға шамасы келмеді”, —деп хабарлайды СҚО ДП командирінің орынбасары Уәлихан Оразалин. — Қызметкерлер “Дружба” ЖШС көмегіне жүгінді. “УАЗ” көлігі  “Ладаны” сүйреп шығара алмады. Салдарынан қарға батты. ЖШС директоры  Кабиден Усенов “John Dіr” тракторын жұмысқа қосты. Көлік қарда қалған  екі көлікті тас жолға шығарды. Бұл СҚО аграрийлері полицейлерге көмек көрсетіп, қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге көмек көрсету үшін арнайы техника беретін алғашқы жағдай емес”.

Жалпы, түркістандықтардың бұл оқиғасы бір тәулікке созылды. БПП қызметкерлері облыс қонақтарын Тоқсан би ауылына дейін жеткізді. Рузаевка ауылыннан өтіп, Мақсат пен Еркебұлан полицейлерге хабарласып, тағы да өз алғыстарын білдірді.

Жексенбі күні Қостанайдың тумасы, тағы бір жүргізуші Борис Абросимов тәртіп сақшыларына алғысын білдірді. “Нұр-Сұлтан-Петропавл” автожолының 341 шақырымында “Mercedes” ауыр жүк көлігі бұзылған. БПП қызметкерлері Дмитрий Кравченко мен Асхат Камалиев көмектесіп, жүргізушіні жақын маңдағы автобөлшектер дүкеніне апарып, көлікті ретке келтірді.

“558 КР” Лады Веста ” экипажына үлкен алғысымды және ризашылығымды білдіргім келеді, — деді аудиобайланыстан Борис Аркадьевич. Осындай қызметкерлеріміз көп болсын.Барлық қызметкерлер осы полицейлерден үлгі алу керек.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру