Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық “тәжірибелі” ұры ұсталды

Павлодарда полицейлер тәжірибелі қалта ұрысының бірін оқиға орнында қолға түсірді,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Жеңіл олжалы болуды  ұнатушы, әдетте, қоғамдық көліктерде жолаушылар көп жүретін маршруттарды, шағын дүкендерде кезекте көп тұрған сатып алушылардың жеке заттарын қолды қылады.

Қаскүнем тұрғындардың қалталары мен сөмкелерін мұқият тінтейді. Өйткені тұрғындар сөмкелерінің аузын ашық қалдырып, әмияндарын сыртқы киімнің қалтасына, яғни ұрылардың оңай қолы жететін жерлеріне салып қояды.

39 жастағы облыс тұрғыны ұялы телефондар мен әмияндар ұрлауды әдетке айналдырған. Ер адам бұған дейін де осындай қылмыстаы үшін жағазаланған.

“Тәжірибесі бар” ұрыны жедел уәкілдер Павлодардағы дүкеннің жанында қолға түсірді. Ер адам сол мезетте адамның көптігін пайдаланып, 50 жастағы қала тұрғынының қалтасынан ақша салынған әмиянды ұрлап, оқиға орнынан тез арада қашып кетпекші болды.

Бірақ, ол алысқа ұзай алмады. Шыға берісте олжалы тұрғынды жедел уәкілдер күтті. Қазір ер адам осыған ұқсас 7 факті бойынша күдікті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру