Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткі таратқан бойжеткен жазасын өтеуге Абай облысындағы әйелдер колониясына жіберілді

Есірткі таратқан 18 жастағы бойжеткен жазасын өтеуге Абай облысындағы әйелдер колониясына жіберілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласында жеңіл ақша табуды ұйғарған жас жұбайлар есірткіні Telegram арқылы таратып, әдемі өмір сүру үшін көп ақша табуды армандаған.

Диана сотталған кезде 18 жаста ғана еді, ол колледжде Руслан есімді жігітімен (аты-жөні өзгертілген) бірге оқыған. Жігіті оқу оқып жүріп, қосымша жұмыс іздеп жүрген. Руслан интернеттен жеңіл және тез арада оңай ақша табу туралы хабарландыруды көрген. Көрсетілген телефондар арқылы хабарласқаннан кейін материалдық сыйақы үшін есірткінің тұрақты айналымы саласында курьерлер қажет екендігін білген. Алайда Русланды бұл тоқтатған. Дегенмен «жұмыс берушілер» Русланды жұмысқа алуды бас тартқан. Руслан Дианаға қосымша ақша тауып үйленеміз деген уәде беріп, сол жұмысқа тұру үшін куәлігін жіберуге көндірген. Диана желі арқылы үйлестірушіге құжаттарын жіберіп, Telegram мессенджері арқылы нұсқау алып, есірткі таратқан. Үйлестірушілерге байланысқаннан кейін олар курьер ретінде жұмыс істей бастаған. Яғни, жалдамалы пәтерде белгілі бір иісі бар ұнтақ тәрізді заттар ораумен айналасқан.

– Мен таратып жүргенім есірткі екендігін білмедім. Жігітім маған олардың денсаулыққа зияны жоқ, жай ғана психотроптық жеңіл ұнтақтар деп түсіндірді. Біз 500-ге жуық кішкентай магниттер, полиэтилен пакеттер және электронды таразылар сатып алдық. Осылай үйге заттарды жинап, кешке дайындалған орамаларды алып бізге көрсетілген жерлерге қойып кету үшін шығатын болдық, – деді сотталған Диана.

Атырау облысының мамандырылған ауданаралық сотының үкімімен Диана 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Заңсыз әрекеті үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлік тәркілену қарастырылған, алайда сот үкімді шығару кезінде оның кылмыс жасау кезіндегі әрекетін, оның мінез-құлқын және басқа да жазаны жеңілдететін мән-жайлардың болғанын ескерген. Сот Диананың жігітіне қатысты 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуге үкім етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру