Есірткі заттарын жасырған шымкенттіктердің әрекеті әшкереленді
Шымкентте синтетикалық есірткі заттарын жасырын орындарға қалдырып жүрген кезекті азаматтар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 12 наурызында Шымкент ҚПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында екі азаматты ұстады.
Олар қала аумағында синтетикалық есірткі заттарын жасырын орындарға қалдыру жолымен заңға қайшы әрекеттер жасаған. Тексеру барысында олардан жалпы 90-ға жуық алдын ала бөлшектелген синтетикалық есірткі заттары анықталып, тәркіленіп алынды.
https://youtu.be/RGf1gXqoHDQ
Қазіргі таңда аталған азаматтардың қала аумағындағы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Полиция қызметкерлері аталған азаматтардың іс-әрекетіне тексерудің нәтижесі бойынша құқықтық баға беретін болады.