Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Есірткіге жол жоқ!”: түркістандық полицейлер мониторингтік топ құру мәселесін талқылады

Түркістан облысының полицейлері есірткіге қарсы дөңгелек үстел өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері есірткіге қатысты қылмысты болдырмау мен алдын алу аясында түрлі жедел шараларды, кездесулер мен арнайы сабақтарды тұрақты түрде өткізіп келеді.

Мәселен, Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен Түркістан облысының әкімшілік ғимаратының мәжіліс залында облыстық Денсаулық сақтау басқармасы, Білім басқармасы, Қоғамдық даму және спорт басқармасы өкілдерінің қатысуымен маңызы зор шара болып өтті.

Бұл дөңгелек үстел жиынын өткізудің мақсаты – болашақ жастар арасында есірткі қылмысына жол бермеу мен профилактикалық істерді координациялау.

Ең бастысы – жастарға адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, салауатты өмірді таңдауға, тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу. Осы мақсатта арнайы тиісті мамандардан құрылған мониторингтік топ құру мәселесі көтерілді. Олармен жүйелі жұмыс жасап, “Есірткіге жол жоқ” ұранымен алдағы уақытта да қарқынды қызмет атқару көзделіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру