Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Франциядан келген саяхатшылар Қазақстан полициясына алғысын білдірді

Орал қаласына жолшыбай аялдаған француз саяхатшылары құжаттары мен ақшасы бар портмонесі жоғалғанын байқап, оны өз бетінше іздеп, таба алмағандықтан полиция қызметкерлерінен көмек сұрады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары шетелдік қонақтардың өтінішін бірден назарға алып, олар болған орындарды жедел тексеруге кірісті. Полиция қызметкерлері дәмханадағы бейнебақылау камераларының жазбаларын мұқият қарап, жоғалған затты іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Тәртіп сақшыларының жедел әрі қырағы әрекеттерінің нәтижесінде портмоне табылып, иелеріне қайтарылды.

Кейін оны ешкім ұрламағаны, саяхатшылардың өздері қойған жерін ұмытып қалғаны белгілі болды.

Құжаттары мен ақшасының табылғанына қуанған шетелдік саяхатшылар ел полицейлеріне шынайы алғысын айтты.

— Төлқұжаттарымызды табуға көмектескен Қазақстан полициясына рақмет. Құжаттар жүк көлігінің ішінде болған екен, полиция қызметкерлері оларды тауып берді. Олар өте жедел әрі тиімді жұмыс істеді. Сол үшін шексіз алғысымызды білдіреміз, — деді шетелдік қонақтар.

Бұл оқиға – полиция қызметкерлерінің кез келген азаматқа, оның ішінде шетелдік қонақтарға да жедел көмек көрсетуге дайын екенін көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру