Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Гаражда тұрған көліктің ішінен 2 миллион теңге ақша ұрланды

Полицейлер көліктен екі миллион ақшаны ұрлап кеткен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес АПБ кезекші бөліміне аудан тұрғыны арызданып, гаражында тұрған автокөлігінің ішіндегі екі миллион теңгесінің жоғалғандығын айтады.

Аталған жайтты полицейлер тез арада ҚР ҚК-нің 180-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Тәжірибелі қызметкерлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Олар ұрлық жайтын ашу мақсатында оқиға орнында қажетті шаралардың барлығын жүзеге асырды.

Жедел–іздестіру шараларының аясында полицейлер күдіктіні екі күнде анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Тергеу барысында ұсталған азаматтың жәбірленушінің ауылдасы екені және оның үйіне таңғы 5-те кіріп, өз арам ойын іске асырғаны белгілі болды.

Сондай-ақ полицейлер күдіктінің бұдан алдын “Бұзақылық” бойынша жауапкершілікке тартылғанын анықтады. Ол ұрлаған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген. Бүгінде күдікті қолхатта, ол өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне көліктерін қараусыз қалдырмауды ескертеді. Сондай-ақ, автокөліктердің есіктері мен терезелерін ұзақ уақыт ашық тастамаңыз. Азаматтарға бағалы заттарыңызға сақ болыңыздар, кез келген жерге қараусыз қалдырмаңыздар деп кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру