Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР Заңының талаптарын түсіндіру мәселелеріне байланысты оқыту семинары өтті

Түркістан облысының тұрғыны тыйым салынған материалдарды таратқаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерде ҚР аумағында тыйым салынған деструктивті ағым көшбасшыларының аудиожазбаларын таратқан деген күдікпен Бәйдібек ауданының тұрғынын ұстады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігі (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Заттай дәлелдемелер ретінде тәртіп сақшылары көрсетілген аудиожазбаларды алып, сараптамаға жіберді.

Өз кезегінде сақшылар сотқа дейінгі тергеудің жиналған материалдарын заңды процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберді. Нәтижесінде, аудандық соттың шешімімен Бәйдібек ауданының тұрғыны кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері діни деструктивті сипаттағы тыйым салынған материалдарды анықтау бойынша әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатқанын атап өткіміз келеді. Сонымен қатар, Түркістан облысының полицейлері алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау аясында түрлі жедел-профилактикалық іс-шаралар мен кездесулерге қатысуда.

Мысалы, Түркістан облысы әкімдігінде “Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы” ҚР Заңының талаптарын түсіндіру мәселелеріне байланысты Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, жергілікті полиция қызметі, облыс әкімдігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және т.б. өкілдердің қатысуымен оқыту семинары өтті.
Кездесу барысында семинарға қатысушылар азаматтардың құқықтары мен бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі, адамдармен жұмыс істеу әдістері, белсенді коммуникация тәсілдері және т.б. мәселелерді талқылады.

Семинар соңында қатысушылар бейбіт жиналыстар кезінде диалог жүргізу бойынша тәжірибелік кеңестермен алмасты, тактикалық тәсілдер мен коммуникация әдістерін де талқылады. Қатысушылар атап өткендей, полицияның, жергілікті билік органдарының және басқа да қатысушылардың үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында митингілер мен шерулер бейбіт аяқталуы тиіс, бұл ретте барлық қатысушылардың қауіпсіздігін, адамның құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру