Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Хромтауда көршісінің көлігін айдап кеткен азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Хромтауда көршісінің көлігін айдап кеткен азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қаңтар таңғы уақытта Хромтау ауданындағы көпқабатты үйдің тұрғыны аулада тұрған өзінің Toyota Prado автокөлігін оталдырып, аязды күні көлігі қызғанша аз уақытқа үйіне кіріп кеткен. Таңертең жұмысына бара жатқан сол көшенің тұрғыны есігі ашық күйде оталып тұрған автокөлікті байқап, жан-жағында ешкімнің жоқ екенін көргеннен кейін, көлікті айдап кеткен.

Алайда алкогольдік мас күйде болған ер адам көлікті ұзақ тізгіндей алмай, сол маңда тұрған басқа жеңіл автокөлікті соққан. Бұл көліктің иесі дереу полицияға хабарласқан.

Полиция қызметкерлері күдікті тұлға полиция бөліміне жеткізіліп, қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кінәсін мойындады. Ұрланған автокөлік тәркіленді. Қос көлік иесіне келтірілген залал көлемі анықталып жатыр. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру