Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ автокөлік дөңгелектерін ауыстыруды кейінге қалдырмауға кеңес береді

ІІМ автокөлік дөңгелектерін ауыстыруды кейінге қалдырмауға кеңес береді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қысқы кезеңде жолдардағы көлік қозғалысы ерекше назар аударуды талап етеді. Өйткені қысқы уақыттың өз ережелері мен талаптары бар. Заңнамаға сәйкес қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы дөңгелектермен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады.

Себебі қыс мезгілінде автокөліктегі жазғы дөңгелектердің жолға ілінісу сапасы күрт нашарлайды. Соның салдарынан жол төсемдерінің беткі қабаты мұзданған кезде немесе қар түскенде дөңгелектердің сырғып кету ықтималдығы артады да жол-көлік оқиғаларына әкеліп соқтырып жатады. Сондықтан дөңгелектерді қысқы түріне ауыстыру жөнінде талап қойылады.

Полицейлер жүргізушілерге қолайсыз ауа райында, қар жауған кезде, қауіпті жағдайлар туындағанда жол-көлік оқиғасының алдын алу үшін жылдамдықты барынша төмендету қажеттігін ескертеді.

Жүргізушілер алдымен қауіпсіздікке көз жеткізіп алмай, бір қатардан екінші қатарға кілт сап түзеп немесе басқа да маневрлер жасамауы керек. Көлік құралдары арасындағы қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтау қажеттілігі туралы ұмытпауы шарт.

Қысқы дөңгелектер көлік құралының барлық дөңгелектеріне орнатылады. Бұл дөңгелектер қысқы жағдайда көлік жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін ІІМ ауа райын ескере отырып, көліктегі қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру