ІІМ азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізеді
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша ІІМ-де, аумақтық органдар мен ішкі істер бөлімшелерінде, сондай-ақ Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінде 26 қараша күні «ZOOM» интернет платформасы арқылы азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның негізгі мақсаты – халықпен кері байланысты қамтамасыз ету, олардың проблемалық мәселелерін шешу, сондай-ақ «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған сенім деңгейін арттыру.
«ZOOM» платформасында Министр мен оның орынбасарлары үшін аумақтық департаменттер басшылығының қосылуымен жеке байланыс арналары құрылатын болады.
Тіркелген азаматтар мен іс-шараның басқа қатысушыларына конференция идентификаторлары, қосылу әдістері мен парольдер алдын-ала жіберіледі.
Қабылдау уақыты:
– ІІМ басшылығы – сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін.
– аумақтық ішкі істер органдары мен бөлімшелерінің, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі бөліністерінің бастықтары – сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін.
Министрдің, полиция және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері бастықтарының қабылдауына жазылу 23-25 қараша аралығында ІІМ порталында, Министрліктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында және «Polisia.kz» сайтында орналастырылған телефондар, электрондық мекенжайлар және «WhatsApp» нөмірлері бойынша жүргізіледі.