Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас жүргізуші ағашқа соғылды

Теміртау қаласында мас жүргізуші ағашқа соғылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қараша күні сағат 04.00 шамасында Теміртау қаласында 29 жастағы “Мерседес Бенц” автокөлігінің жүргізушісі Республика даңғылымен келе жатып, көліктің тізгініне ие бола алмай, ағашқа соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктің 30 жастағы жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Медициналық куәландыру өткізу барысында жол-көлік оқиғасын жасаған азаматтың мас күйде болғаны анықталды.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабына (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру