Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жалған нөмірмен жүрген автокөліктер анықталды

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері жалған нөмірмен жүрген автокөліктерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада автокөлікті жалған нөмірмен басқарғаны үшін “Volkswagen Passat” маркалы автокөліктің жүргізушісі ұсталды.

Көлікке тағылған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің 2012 жылдан бастап есептен шығарылғаны анықталды. Ұсталған жүргізушінің айтуы бойынша, ол 2020 жылдың қазан айынан бастап​ көлікті жалған нөмірмен басқарған.

29 жастағы жүргізушіге қатысты автокөлікті стандарт талаптарына сәйкес келмейтін  нөмірлік белгімен басқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 4-бөлігі (Көрінеу жалған немесе  қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері (белгісі) бар көлік құралын басқару, сол сияқты мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін (белгісін) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен  материалдар қолдана отырып жабдықталған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері (белгісі) бар көлік құралын басқару) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Материал Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотына жолданып, автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Елордада “Қауіпсіз жол” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілген екі күн ішінде полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1,5 мыңға жуық фактісін анықтады, оның ішінде 23 құқық бұзушылықты қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған.

Жүргізуші куәлігінсіз көлік құралын басқарған 118 жүргізуші анықталды.

Сонымен қатар белгіленбеген орыннан жолды кесіп өткені өткені үшін 200-ден астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды. Екі күннің ішінде 10 жүргізуші алкогольдік масаң күйде ұсталды. Коммуналдық айыппұл тұрағына 50-ден  астам автокөлік қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру