Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ азаматтардың есірткі қылмысына қарсы күрестегі көмегін жоғары бағалайды

ІІМ есірткі қылмысына қарсы күресте азаматтардың көмегін жоғары бағалайды және әрдайым қолдайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Нашақорлыққа қарсы күрес – бұл мемлекеттік басқару органдарының ғана емес, жұртшылықтың да қатысуымен кешенді тәсілді талап ететін міндет. Өйткені, есірткіні қолдану тек есірткіге тәуелді адамға ғана емес, оның туыстары мен достарына да зиянды. Ол әрдайым заңсыз әрекет аясында болып,  көбінесе өзі қылмыстың құрбанына айналады”, – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Тлеген Маткенов.

Әдетте, психобелсенді заттарды қолданудың алғашқы тәжірибесі жасөспірім шаққа келеді. Бұл құрдастардың ықпал жасауынан немесе қызығушылықтан туындайды. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, нашақорлықтың алдын алудағы басты міндет – осы жаста есірткінің алғашқы сынамасына жол бермеу.

Мұндай кешенді мәселелерді тек полиция күшімен шешу мүмкін емес. Сондықтан ІІМ үшін барлық мемлекеттік және коммерциялық емес құрылымдардан және жалпы қоғамнан қолдаудың болуы өте маңызды.

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында есірткіге қарсы қызметке, нашақорлықтың алдын алуға, салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін Ішкі істер министрінің бұйрығымен аумақтық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері, елдің әртүрлі өңірлерінен денсаулық сақтау, білім беру және сот сараптамалары саласының мамандары, қоғам белсенділері грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру