Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ басшысы оқушылармен кездесті

Білім күні қарсаңында көпбалалы әрі жалғызбасты қызметкерлердің балалары Ішкі істер министрлігінде қонақ болды. Бүлдіршіндерді ведомство басшысының өзі қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.

Министрліктің биылғы алқа отырысында Мемлекет басшысы жастар өз құқықтарын біліп, заң тұрғысынан сауатты болуы қажет деген болатын. Ол үшін полиция бөліністерінің басшылары өскелең ұрпақпен жиі кездесіп, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алуға көп көңіл бөлуі тиіс. Осы орайда еліміздің бас полицейі жасөспірімдерге қауіпсіздік шаралары туралыайтып, интернеттегі қауіп туралы ескертті.

Балаларға ведомство атынан планшеттер тарту етілді. Тәртіп сақшылары гаджеттерге 102 мобильді қосымшасын жүктеп, оқушыларға оны қандай жағдайда және қалай қолдануға болатынын түсіндірді.

Кішкентай қонақтар жедел басқару орталығында түрлі жобалармен танысты.

Сондай-ақ арнайы ұйымдастырылған көрмеде түрлі техниканы көре алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру