Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ басшысы Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Ішкі істер органдарының, Ұлттық ұланның, қылмыстық-атқару жүйесінің барлық ардагерлерін, қызметкерлерін және әскери қызметшілерін, ІІМ оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттарын, сондай-ақ, олардың отбасы мүшелерін 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл шынайы жалпыхалықтық мереке отаншылдығымыздың, туған жерге деген сүйіспеншілігіміз бен адалдығымыздың жарқын символы болып саналады. Бірлік, достық және өзара сыйластық болған кезде ғана біздің кең байтақ ортақ отанымыз – Қазақстан Республикасы мол байлық пен бақ-берекеге кенеледі.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері бірлігіміз бен тұрақтылығымызды нығайту, құқықтық тәртіпті, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша қызметтік және әскери борышын абыроймен атқарады деп сенемін.

Барлығыңызға зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік және Отанымыз – Қазақстан Республикасының өркендеуі жолындағы еңбектеріңізге сәттілік тілеймін!”, – деді Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру