Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД-да Ассамблея өкілімен кездесу өтті

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілімен кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл шара “Мәңгілік ел – болашағы біртұтас ел” жалпыұлттық патриоттық идеясының базалық құндылықтары негізінде қоғамды біріктіру тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Кездесуде Чосон этномәдени бірлестігі кәріс халқының төрағасы Раиса Маденова қызметкерлермен ынтымақтастық, бірлік пен келісім туралы сөз қозғап, тарихқа шолу жасады. Ұлты кәріс болса да, Раиса Маденова қазақ отбасының түтінін түтетіп, ұрпақ тәрбиелеуде.


Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: “Қазақстан отыз жыл ішінде халқы тату, жері тыныш, қоғамы тұрақты мемлекетке айналды. Бұл шын мәнінде мақтан тұтарлық жетістік. Біз сыйластық пен келісімнің, бауырмалдық пен өзара құрметтің негізінде еңселі, өркениетті ел болып отырмыз” деген болатын.

Елімізде 130-дан астам түрлі өзге ұлт бар. Осыншама ұлт пен ұлыстың тілін тауып, бірлік пен ынтымақта ұстап отырған бүгінгі еліміз ұлтаралық татулық пен бірлікті басым саясатының бірі ретінде ұзақ жылдардан бері ұстанып келеді. Департаментте де өзге ұлт өкілдері қызмет етуде.

– Қазақстанда тату-тәтті өмір сүретін халықтардың әдет-ғұрпын, дәстүр-тарихын, тілін қастерлеп, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту – басты борышымыз. Сондықтан мерекеге орай Ассамблея өкілін арнайы шақырып, жеке құраммен кездесу ұйымдастырылды, – деп атап өтті кадр бөлімі бастығының міндетін атқарушы Гүлдана Есіркепова.

Аталмыш шараға қатысып, қызметкерлермен әңгімелескен Раиса Ивановнаға ведомство басшылығы өз алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру