ІІМ-де Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік шара өтті
ІІМ-де көктемнің мерейлі мерекесі Халықаралық әйелдер күні атап өтілді. Нәзік жандылардың құрметіне оркестірдің сүйемелдеуімен әуезді ән шырқалып, концерттік бағдарлама ұсынылды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.
Ғұмырын полиция қызметімен байланыстырған аруларды ведомство басшысы Марат Ахметжанов құттықтады.
– Сіздерді көктемнің алғашқы шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әйел – ізгілік пен мейірімнің, сұлулық пен әсемдіктің келбеті! Cонымен қатар нәзік жанды арулар – халықтың ар-намысы! Тіршіліктің бастауы да, өмірдің мәні мен мағынасы да – гүлдей жайнаған арулар – сіздер деп білеміз! Бүгінгі мереке – сіздерге деген шынайы құрметтің белгісі, – деді министр.
Бүгінде еліміздің ішкі істер органдарында 11 мыңнан астам қыз-келіншек қызмет атқаруда. Олардың 612-сі басшылық лауазымда. Мейрамға орай қайсар қыздардың бірқатары марапатталды.
Әйел – ару, әйел – жар, әйел – ана. Отбасы тірлігімен қатар қоғам тыныштығын, азаматтардың амандығын ойлаған погонды сұлулар – тек әдеміліктің емес, батырлық пен ерліктің де үлгісі.