Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мереке қарсаңында 60-қа жуық шенді ару марапатталды

Түркістан облысында мереке қарсаңында 60-қа жуық шенді ару марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің барлық басқарма, бөлімдерінде нәзік жанды арулар қызмет атқарады. Бұл қыз-келіншектер қызметтерінде қатал көрінгенімен, жүректерінде мейірімділік және нәзіктік тұнып тұр. Осынау айтулы мереке қарсаңында, арнайы мерекелік шара ұйымдастырылып, Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов әріптес шенді аруларды құттықтады.​​​​​​​

– Бүгінгі таңда барлық салада әйелдер қауымы абыройлы еңбек етіп, елдің дамуына өз үлестерін қосып келеді. Оның ішінде ішкі істер саласында ерлермен бірдей қызмет атқарып жүрген шенді аруларымыз бар. Сондықтан барша аналар мен қыз-келіншектердің, апа-әжелереміз бен қаракөз қарындастарымыздың мерекесі құтты болсын. Отбастарыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін! Сіздерді сұлулық пен әдеміліктің белгісі деп білеміз, – деп атап өтті облыстың бас полицейі М.Қабденов.


Одан әрі іс-шара Мұрат Қабденовтің марапаттау рәсімімен жалғасты. Атап айтсақ, Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге байланысты және өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарғандары үшін ҚР ІІМ-нің Құрмет грамотасымен Эльвира Битөреева марапатталса, “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалі Ақерке Шалхароваға табысталды. Сонымен қатар І дәрежелі “Ішкі істер органдарының үздігі” төсбелгісімен Айгүл Құдайбергенова, Жанна Мырзабекова, Айжан Манапова, Эльмира Есенқұлова, Айдана Наханшақызы марапатталды. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің грамотасымен Бибігүл Төреханова, қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бас маманы Гүлназира Жолтаева.


Департамент бастығының алғыс хаты Динара Сейдалиева, Феруза Рахметоваға табыс етілді. Осы бұйрықпен 2 қызметкерге алғыс жарияланды.​​​​​​ Сондай-ақ Түркістан облысы полиция департаментінің грамотасына Меруерт Әбдіқадырқызы, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қатира Урисбаева, ПД-ның баспасөз хатшысы Гүлнар Абдужаппарова, Ақнұр Бекбутаева, Сұлушаш Көшімбетова ие болды.​​​​​​​

Түркістан облысы полиция департаментінің алғыс хатымен Жанат Орманова, Жанар Қалабаева, Жамила Мыңжанова, Жұлдыз Журабаева марапатталып, дәл осындай бұйрықпен 40 қызметкерге алғыс жарияланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру