Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық тұрғынның автокөлігінің салонынан екі елік ұшасы табылды

Ақмолалық тұрғынның автокөлігінің салонынан екі елік ұшасы табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысының аумағында “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр.
Табиғатты қорғау заңнамасы, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымы, заңсыз балық аулау және ағаш кесу саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 24 ақпаны мен 13 наурызы аралығында Астана маңы өңірінің аумағында “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

ЖПІШ барысында полиция және орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өңірлік органдарының қызметкерлері шаруа қожалықтары мен алқаптардағы аңшыларды тексеруде, патрульдік полиция қызметкерлері автокөлікті бақылауды жүзеге асырып жатыр.

Мәселен, 3 наурыз күні Тұлпар-608 автопатрулінің экипажы Щучинск қаласының аумағында жол қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету барысында Volkswagen автокөлігінің салонынан 2 елік ұшасын тапты.

Полиция бөлімі бұл фактіні 337-баптың 1-бөлігі “Заңсыз аңшылық” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеді.

Сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру