Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ-де полицейлер арасында үздік мергендер анықталды

ІІМ “Алатау” спорт сарайында Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері арасында жауынгерлік қарудан оқ атудан Ішкі істер министрінің кубогі үшін чемпионат өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Турнирді ҚР ІІМ Арнайы және жұмылдыру даярлығы департаменті мен “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамы” қоғамдық бірлестігінің Орталық Кеңесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырды.

Атыс дайындығы ІІО-дағы негізгі қызметтік спорт түрлерінің бірі болып табылады. Тәртіп сақшыларының табельдік қаруды меңгеруі және оны дағдарыс жағдайында шебер қолдана білуі маңызды. Олардың бұл дағдылары мен қабілеттері кейде азаматтардың өмірін құтқаруы мүмкін.

Жарысқа аумақтық Полиция департаменттерінің, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының командалары қатысты.

Чемпионат қорытындысы бойынша әйелдер арасында жеке есепте ҚР ІІМ ӘПК қызметкері Ақтоты Боранова үздік атанды, екінші орын Қостанай облысы ПД қызметкері Екатерина Детковаға бұйырды, үшінші орынды Алматы қаласы ПД қызметкері Наталья Ткаченко иеленді.

Ерлер арасындағы жеке есепте бірінші орынды Ақтөбе облысы ПД қызметкері Самат Сартай жеңіп алды, тұғырдың екінші және үшінші сатысына СҚО ПД өкілдері Ерік Құлжанов пен Руслан Тасимов көтерілді.

Ал жалпы командалық есепте орындар келесі тәртіпте бөлінді:
1. Солтүстік Қазақстан облысы ПД командасы;
2. Ішкі істер министрлігінің командасы;
3. Алматы қаласы ПД командасы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру